Меню

Русский выбор страны
30.08.2016

Қытайлық және қазақстандық кәсіпорындар қаласында калий тыңайтқыштарын өндірістік-бөлу орталығын бірлесе салу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді

Қытайлық және қазақстандық кәсіпорындар орталыққа бағынатын Чунчин (Оңтүстік-Батыс Қытай) қаласында калий тыңайтқыштарын өндірістік-бөлу орталығын бірлесе салу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлады орталық қытай БАҚ-тары.
Chongqing Agricultural Production Material Group пен қазақстандық Kazakhstan Potash Corporation (KPC) компаниясы қол қойған келісімге сәйкес калий тыңайтқыштарын шығаратын
Chongqing Agricultural Production Material Group пен қазақстандық  Kazakhstan Potash Corporation (KPC) компаниясы қол қойған келісімге сәйкес калий тыңайтқыштарын шығаратын жаңа орталықтың айналым көлемі жылына 3 млн. тоннаға жетеді.

Chongqing Agricultural Production Material Group басқарма төрағасы  Вань Чжунчэннің айтуынша, орталықта шығарылатын химиялық тыңайтқыштар Оңтүстік Батыс Қытайда сатылады, Жапонияға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспортталады.

 «Келісім қазақстандық калий тұзының Чунцин нарығына шығуын көздейді, ол мұнда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы өтетін Чунцин-Еуропа теміржол бағытымен жеткізіледі бұл тасымал құнын едәуір төмендетеді», - деп хабарлады Ван Чжунчэн.

Бұл ынтымақтастық «Бір белдеу, бір жол» бастамсын жүзеге асыру ауқымындағы практикалық шаралар ретінде қарастырылады.

Тараптар сондай-ақ Чунцинде бірлескен кәсіпорын  және кешенді логистикалық база құруға ниетті, бұл автомобиль, су және теміржол тасымалдарын Чунцин қаласының Цзянцинь ауданында ықпалдастыруға мүмкіндік береді.  

Бірлескен кәсіпорын үш-бес жыл ішінде 20 млрд. юаньнан астам кіріс келтіреді, табыс мөлшері 200 млн. юань болмақ. Кәсіпорын шетелдік қаржылық қордың листингісін алуды жоспарлап отыр.
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


Рассказать об этой новости: 






Фотогалереи
биопро
зерно